×

Алқабилер сотын сендіргісі келген: Астанада адвокат 11 жылға сотталды

Ол өз қорғауындағы адамдардан пара алған

Алқабилер сотын сендіргісі келген: Астанада адвокат 11 жылға сотталды
Фото: ult.kz

Астанада адвокат өз қорғауындағы адамдардан 164,9 млн теңге пара алған. Сотталушы алаяқтық жолмен алған қаражатын өз қызметінің ақысы ретінде көрсетіп, алқабилер сотын сендіргісі келген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Астана қаласының прокуратурасына сілтеме жасап.

Бірақ алқабилер оның бірнеше рет алаяқтық жасағанын және қорғауындағы азаматтарды аса ірі мөлшерде пара беруге итермелегені үшін кінәлі деп танып, мемлекеттік қызметте істеу құқығынан айырып, 11 жылға соттады.

Ал алынған пара нысаны заңсыз алынған мүлік ретінде танылып, мемлекет кірісіне өндірілетін болды.

Үкім заңды күшіне енді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті
07.03.2026ж. 16:23

Қызылорда облысының әкімі перинаталдық орталықта аналармен кездесті

Ананы ардақтау – адамдықтың асыл өлшемі, ананы құрметтеу – перзенттік парыз
Ата-бабамыз әлімсақтан әйелзатын ардақтап, ананы айрықша қадір тұтуға тәрбиеледі
8 наурызға арналған құттықтаулар, тілектер
Құранның 2-сүре 256-аятында: «Дінде зорлық жоқ» деп айтылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →