×

«Сұрамаса да көмектесеміз»: Қырғызстаннан Қазақстанға 272 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті

Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, палаткалар мен тұрмысқа қажетті басқа да заттар бар

«Сұрамаса да көмектесеміз»: Қырғызстаннан Қазақстанға 272 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті
Ашық дереккөзден

Қырғызстаннан Қазақстанға 272 тонна гуманитарлық көмек келіп жетті, деп хабарлайды Qaz365.kz
Гуманитарлық көмектің ішінде азық-түлік, киім-кешек, палаткалар мен тұрмысқа қажетті басқа да заттар бар.

Бір күн бұрын Қырғыз министрлер кеңесінің отырысында кабмин төрағасы Ақылбек Жаппаров Қазақстан тарапы сұрамаса да көмек жіберілетінін хабарлаған еді.

«Президенттің көрші елдермен жақсы саясатының нәтижесінде олар да бізге көмек қолын созған», - деді министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров.

Жаппаровтың бұл айтып отырғаны – Бішкекте жылу электр орталығы апатқа ұшыраған кезде Қазақстан көмектескен. 

Қырғызстаннан келген көмек өңір-өңірлерге таратылып жатыр. Қазір су тасқынының ең қауіпті деңгейі Атырау облысы мен Қостанай облысында қалыптасқан.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Алматыдағы ластану деңгейі соңғы күндермен салыстырғанда төмендеген
Қосымша құрамдар шамамен 23 мың жолаушыны тасымалдауға мүмкіндік береді
Алматыда құқық қорғаушылар мен заңгерлер ЛГБТ насихатына тыйым салу туралы заңды қолдады  

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →