«Ауыл жастары» құрылыс жасағының құрамында 40 жас бар.
Петропавлда су тасқынынан зардап шеккендерге салынып жатқан баспаналар құрылысына «Ауыл» жастары көмектеседі. Ол үшін өңірде студенттік құрылыс жасақтары құрылды. Бұл - «Ауыл» ХДПП бастамасымен қолға алынып отыр, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Петропавл қаласы А. Винокуров атындағы спорт сарайында «Ауыл» партиясы Жастар қанаты құрылыс жасақтарының салтанатты шеруі өтті.
Салтанатты шеруге «Ауыл» ХДПП Төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Егізбаев, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, жергілікті атқарушы билік өкілдері, облыстық мәслихат депутаттары, еңбек ардагерлері т.б қатысты.