×

«Самұрық-Қазына» қоры Құлсары қаласын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді

«Самұрық-Қазына» су тасқыны салдарымен күресуге барлығы 22 млрд теңге бөліп отыр

«Самұрық-Қазына» қоры Құлсары қаласын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлді
Фото: atr.kz

«Самұрық-Қазына» қоры компаниялар тобының атынан Атырау облысындағы су тасқынынан ең көп зардап шеккен Құлсары қаласының инфрақұрылымын қалпына келтіруге 7 млрд теңге бөлінді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Қордың портфельдік компаниясы «ҚазМұнайГаз» АҚ бөлінген қаражаты «Samruk-Kazyna Trust» бірыңғай қайырымдылық операторы арқылы «Атырау» корпоративтік әлеуметтік даму қорына аударылды.

Осылайша, «Самұрық-Қазына» су тасқыны салдарымен күресуге барлығы 22 млрд теңге бөліп отыр. Сондай-ақ бірыңғай қайырымдылық операторына су тасқыны салдарын жоюға еншілес кәсіпорындардың серіктестерінен қаражат түсу жалғасуда. Қазіргі уақытта румындық «Rompetrol» мұнай-газ компаниясынан, «Cameco» және «CGN» ірі атом компанияларынан, сондай-ақ жапондық «Marubeni» сауда компаниясынан қаражат түсті. Барлық түскен сома өңірлердегі инфрақұрылымды қалпына келтіруге бағытталатын болады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қандас мәртебесі: СІМ Ауғанстан қазақтарының Қазақстанға қалай келе алатынын айтты
Бүгін, 11:19

Қандас мәртебесі: СІМ Ауғанстан қазақтарының Қазақстанға қалай келе алатынын айтты

Қандас ретінде келудің негізгі шарты – қазақ ұлтына жататынын дәлелдеу
Өзгерістер көлігін алғаш рет сақтандыратындарға да, бұрыннан көлік тізгіндеп жүргендерге де қатысты
Депутаттың сөзінше, талаптың күшеюі адал әрі кәсіби компаниялардың жолын ашып, нарықтағы әділ бәсекелестікті қалыптастыруы мүмкін.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →