×

Түркістан облысында мүгедектігі бар 11 мыңға жуық бала есепте тұр

Түркістан облысында мүгедектігі бар 11 мыңға жуық бала есепте тұрады

Түркістан облысында мүгедектігі бар 11 мыңға жуық бала есепте тұр

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты «Ақ бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы 3 жастан 18 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған. 175 төсек-орындық, (85 неврологиялық және 90 ортопедиялық) оңалту орталығы Түлкібас ауданы, Қарағашты ауылында орналасқан, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысында мүгедектігі бар 11 мыңға жуық бала есепте тұрады. Соның 30 пайызын жүйке жүйесі ауруларына шалдыққан ерекше балалар құрайды. Оларға өңірде 4 оңалту, 3 қамқорлық орталығы қызмет көрсетеді. Соның бірі – «Ақ бұлақ» облыстық балалар оңалту орталығы.

«Біз бұл бастаманы біраздан бері ойлап жүргенбіз. Ем алуға келген балаларға оңалтудың амалы – барынша қызықтырып, өмір сүруге құлшынысын арттыруға тырыстық. Түрлі кабинеттер ашып, баланың зейінін көтеруге мүмкіндік сыйладық деп ойлаймын. Біздің орталыққа келген балалар 18 күн ішінде білім алып, жан-жақты дамиды деген сенімдемін. Сонымен қатар ұжымдағы барлық қызметкерлерге шексіз ризашылығымды білдіремін. Сырттан адам шақырмай, барлық істі жұмыла атқардық. Ойымдағыдан да керемет дүниелер шықты», – дейді оңалту орталығының басшысы.

Орталықта математика, қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, Қазақстан тарихы, жаратылыстану, география пәндері оқытылады. Математика пәні 1-4 және 5-11 сынып оқушыларына Qalan.kz математикадан интерактивті онлайн порталы арқылы өткізілуде. Аталған порталдың негізін қалаушы Асқар Болат порталды бір жылға тегін пайдалануға демеушілік көрсетіп, балалардың математикалық сауаттылық пәні бойынша білім алуына үлес қосқан.

Аумағы 7 гектар жерді құрайтын, табиғаты тамаша тау бөктеріне жақын орналасқан орталыққа келген қонақтар мұндағы мұнтаздай тазалықты, әсем көріністі көріп, таңданыстарын жасырмады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті
Кеше, 11:34

Түркістанда Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным» салтанатты іс-шарасы өтті

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров еңбегімен дараланған азаматтарды марапаттады
Сақтық шараларын әрбір әлеуметтік желіні тұтынушы білуге тиіс
Кешкі аспанға жүздеген дрон көтеріледі
Есірткі бизнесінің теріс пиғылды біреулерге тиімділігі сонша, үнемі жаңа түрлері пайда болып жатады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →