×

Түркістанда алғаш рет ишемиялық инсультқа тромбоэкстракция отасы жүргізілді

Бүгінде инсульт тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып тұр

Түркістанда алғаш рет ишемиялық инсультқа тромбоэкстракция отасы жүргізілді

Жақында Түркістан қалалық орталық ауруханасының дәрігерлері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде, алғаш рет ишемиялық инсульт кезінде қолданылатын тромбоэкстракция отасын сәтті жүргізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бүгінде инсульт тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлемде де маңызды медициналық-әлеуметтік проблема болып тұр. Бұл сырқаттанушылықтың, өлім-жітімнің және мүгедектіктің өсуінің жоғары көрсеткіштеріне байланысты. Соңғы жылдары инсультті емдеудің әдеттегі әдістерінің бірі көктамырішілік тромболитикалық терапия болып келеді. Қазіргі уақытта ишемиялық инсультті емдеуде белсенді дамып келе жатқан ең тиімді әдісі бұл – механикалық тромбоэкстракция.

Аурухананың инсульт орталығы бөлімінің меңгерушісі С.Нұртаев және рентген-хирург Б.Усмановтың үйлесімді өзара әрекеттесуі нәтижесінде жедел-жәрдеммен, жедел ми-қан айналымының ауыр және күрделі бұзылыстарымен жеткізілген 55 жасар пациентке, «терапевтік терезеге» (клиниканың басынан бастап 3-4,5 сағат) түсуін ескере отырып, қысқа мерзімде диагноз қойылды. Оған тромболизистік терапия жүргізілді және аталған бірегей ота жоспардан тыс, шұғыл орындалды.

«Қазіргі уақытта тромбоэкстракция технологиясы біздің ауруханада кеңінен игерілді деп сеніммен айтуға болады. Аталған ота пациенттердің жойқын аурудан кейінгі өмірін сақтап қана қоймайды. Қалыпты белсенді өмірге оралуына мүмкіндік береді», – дейді аурухана басшысы Бекзат Берденов.

Аурухана дәрігерлері мен медициналық мамандар тобының жоғары біліктілігі мен тәжірибесі, озық емдеу әдістерін қолдану және жедел әрекет етуі отаның сәтті аяқталуына септік болды. Сондықтан ауруханаға уақтылы жету және инсультті ерте анықтау өте маңызды. Өйткені әр минут пациенттің өмірі мен денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі
Кеше, 20:42

Ана мен бала денсаулығы – ел болашағының жарқын болуының негізі

Ана мен баланың денсаулығы – қоғамда маңызды рөл атқарады
Қазір қалада 22 жеке және 1 коммуналдық автобус паркі жұмыс істейді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →