×

Шегірткеге қарсы күрес: Абай облысында алдын ала өңдеу және мониторинг жұмыстары жүргізілуде

Ағымдағы жылы шегірткелерге қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді

Шегірткеге қарсы күрес: Абай облысында алдын ала өңдеу және мониторинг жұмыстары жүргізілуде
Фото: ©Pixabay.com

Облыстың ауылдық аймақтарында уақытылы өңдеу шегірткелердің шабуылымен тиімді күресуге және олардың таралуын болдырмауға мүмкіндік береді. Дегенмен, болашақ егінді сақтау үшін жағдай үнемі бақылауда болады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Ертай Қуанбаевтың айтуынша, шегірткеге қарсы күрес облыстың 8 ауданында жүргізілуде. Шегірткеге қарсы өңдеудің жалпы есептік ауданы 77,4 мың га құрайды.

«Бүгінгі күнге 1 аса жеңіл авиация және 13 жер үсті желдеткіш бүріккіштер жұмылдырылған. Үйірлі шегірткелерге қарсы күрес бойынша іс-шаралар 8 ауданда (Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар және Жаңасемей аудандары) жүргізілуде. Қазіргі таңда 19,13 мың га жер (Азиялық шегіртке – 6,03 мың га, итальяндық прус – 13,1 мың га) өңделді», – деп атап өтті басқарма басшысы.

Ағымдағы жылы шегірткелерге қарсы іс-шараларға жергілікті бюджеттен қажетті қаражат бөлінді. Мердігер ұйым – «SATTI TULEK» ЖШС. 

«Саяқ шегірткетектестерге таралу аумақтары бойынша 5 ауданда өңдеу басталып, 2 мың га өңделді. 12 маусымда Аягөз қаласының Қарауыл ауылының (Ақшатау ауылдық округі) автотрассасының 5-45 шақырымында, Ақсуат ауданының Қызылкесік ауылдық округінің аумағында шегірткенің таралуы байқалды», – деп қорытындылады Ертай Қуанбаев.

Дегенмен, 4 бүріккіш техникалар уақтылы жіберіліп, өңдеу жүргізілді. Қазіргі уақытта ешқандай қауіп жоқ. Жалпы жағдай бақылауда, шегірткелердің кең таралуы күтілмейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты
Бүгін, 20:30

«Мұны мен мистика деп атаймын»: Базарбек мемлекеттік органдардың есебіне күмәнданатынын ашық айтты

 Ұлттық қорға қаражат аударатын мұнай компанияларының саны 8,5 есе азайған
Әзілкеш құны 50 млн тұратын талон сатқан
Жобаға бюджеттен 7,5-8 миллиард теңге бөлінген
Ғимараттың қасбетіне өз бетімен кондиционер орнату – заң бұзушылық

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →