×

Қырғызстан президентінің болашақ күйеубаласы наркодилер болып шықты

Сот оны қамауға алу туралы шешім шығарды

Қырғызстан президентінің болашақ күйеубаласы наркодилер болып шықты
Фото: Кабар

Садыр Жапаровтың жиені Лазат Нұрқожаева жуырда тұрмысқа шығу туралы ұсыныс алды. Алайда, күйеу жігіт Афтандил Сабырбеков есірткі өндірді деп айыпталып, түрмеге қамалды. Ақпаратты Қырғызстан президентінің баспасөз хатшысы Аскат Алагөзов растады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Жас жігіттің басты мақсаты өзінің заңсыз әрекеттерін қорғау үшін биліктегі адамдарды («крышаны») табу болды деп сенуге толық негіз бар», - деп жазды ол Facebook-те.

Бішкектің Бірінші мамыр аудандық соты, kaktus.media хабарлағандай, Афтандил Сабырбековті 3 тамызға дейін қамауға алу туралы шешім шығарды.

Күйеу жігіт есірткі, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын ірі мөлшерде сату мақсатында заңсыз өндіргені үшін күдікке ілінді. Егер оның айыбы дәлелденсе, Қырғызстан заңы бойынша 15 жылға дейін түрмеге жабылады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті
Кеше, 09:44

Назарбаевтың Үшқоңырдағы резиденциясы жиені Нұрәлі Әлиевтің қарамағына өтті

Сарай 2014 жылы салынып, 2016 жылы ресми тіркеуден өткен
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін арнайы бейімделген жұмыс орындары қарастырылған
Таудың жақындығы – қаланың басты бәсекелестік артықшылығы

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →