акцинация вирустың дәл осы 16 және 18 түріне арналған
Жатыр мойны обыры ауруының дамуына «Адам папилломасы» вирусының инфекциясы әсер етеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Осы ретте Түркістан облысында 2022 жылы жатыр мойнының обыры бойынша 127 жағдай тіркеліп, оның ішінде 49 жағдай өліммен аяқталған. Ал 2023 жылы 142 әйел осы сырқатқа шалдығып, 48-і қайтыс болған. Жатыр мойны обыры ауруының дамуына «адам папилломасы» вирусының инфекциясы әсер етеді. Ал вирусты жұқтырудың және оның дамуының алдын алудың жалғыз жолы – екпе салдыру. Қазақстанда осы дерт бойынша жыл сайын 1 600-ден астам жағдай тіркеліп, 500-ден астам әйел қайтыс болады. 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі барлық қыздардың 90%-ы екпемен қамтылмақ. Иммундауды алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсетуге лицензиясы бар заңды тұлғалар жүргізеді.
АПВ вирусы адамнан адамға тұрмыстық жанасу, жыныс жолдармен, тікелей жолмен туу кезінде, өзіне – өзі жұқтыру жолдары арқылы беріледі. Жатыр мойны обыры, қатерлі ісігі дейміз, оның негізгі себебі – 95-98 пайызында адамның папиллома вирусы. Ал ол вирус негізі жай ғана кір сабыннан өледі. Жыныстық қатынастың бұзылуынан, басқа бір жағдайлардан, қабыну процесінің көп болуынан жұқтыруы мүмкін бұл індетті. Мұның 180 түрі болады. Оның өзі үш бөлікке бөлінеді. Бірінші, ең қауіпті бөлігі – 16,18 түрлері деп айтылады. Одан кейін – орташа түрі 31-ден басталады және үшінші төмен түрлері болады. Қарқындылығы жағынан 16,18 түрлері – ең қауіпті түрі болып саналады
Вакцинация вирустың дәл осы 16 және 18 түріне арналған. Ол – 11 жастағы қыз балаларға салынады. Бұл үшін ата-ана балаға вакцина салуға келісімін беру керек. Ақ халаттылардың сөзінше, адам папиллома вирусы жасарып келеді. Бұл дерт – 18 жасар әрі тұрмысқа шықпаған қыздарда да кездесіп жатыр.