×

Ақсуаттық кәсіпкерлер Ринат Зайытовқа айтысқа қатыспаса да көлік мінгізді

Жергілікті кәсіпкерлер депутатқа сый жасады

Ақсуаттық кәсіпкерлер Ринат Зайытовқа айтысқа қатыспаса да көлік мінгізді
Видеодан скриншот

Абай облысы Ақсуат ауданында өткен «Асыл бесік - Ақсуат» фестивалі кезінде айтыскер ақын, Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовқа көлік мінгізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жергілікті кәсіпкерлер осы өңірдің тумасы ретінде ақынға көлік кілтін табыс етті.

«Осы ауылдың еркесімін, мен шалқаймағанда кім шалқаяды. Барлықтарыңызға рахмет!», - деді Ринат Зайытов.

Айта кетейік, фестиваль аясында қазақ күресінен ASSYL ARLAN атты турнирде Абай облысының тумасы Ерасыл Қажыбаев атанды. Финалда ол жерлесі Даурен Нұралиновтан жанбас әдісімен ұтып басым түсті. Жүлделі үшінші орынды Түркістан облысынан келген Қайсар Шамшадинов пен Маңғыстаулық Нұрдәулет Жарылғапов иеленді.  

Ал айтыскерлер арасындағы жыр сайысында алматылық Қазірет Бердіхан топ жарды. Финалда Мұхтар Ниязовтан басым түсті.

135 шақырымдық аламан бәйгеде маңғыстаулық тұлпар оза шапты. Жеңіске жеткендердің барлығына демеушілер көлік мінгізді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Алакөлде демалушылар көбейді: Полиция құқық бұзушыларды дронмен анықтап жатыр
Бүгін, 18:34

Алакөлде демалушылар көбейді: Полиция құқық бұзушыларды дронмен анықтап жатыр

Құқық бұзған 194 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылған
Қазақстанның жеті өңірінде халық саны 1 млн адамнан асады.
Ол жас жігітті медициналық комиссиядан өткізбей, мерзімді әскери қызметке заңсыз жіберген.
Ведомство тергеу органдарымен заң аясында бірлесе жұмыс жүргізіп жатқанын мәлімдеді.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →