×

Түркістан облысында қанша медициналық мекеме бар?

Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды жерде тұрады

Түркістан облысында қанша медициналық мекеме бар?
Фото: ашық дереккөзден

Түркістан облысы бойынша мемлекеттік 45 медициналық мекеме бар. Оның ішінде орталықтандырылған аудандық, қалалық ауруханалар, облыстық деңгейдегі мекемелер, облыстық балалар ауруханасы мен диспансерлер, туберкулез аурулары диспансері бар. Бүгінде 45 мекеме 2 млннан астам халыққа қызмет көрсетеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Сатыбалдының сөзінше өңірде ауыл денсаулығын жаңғырту ұлттық жоба аясында ауылдық жерлердегі денсаулыққа көп мән берілген. Себебі, Түркістан облысы тұрғындарының 80 пайызы ауылды жерде тұрады.

«Бізде өңірде онкология бойынша аурушаңдық жоғарылаған. Бірақ, одан өлім, керісінше, төмендеген. Ол нені көрсетеді? Бұл алғашқы медициналық әлеуметтік көмек деп аталады, емханалар деңгейінде ауруды ерте анықтау, скринингтік анықтаулар қолға алынды деген сөз. Яғни, халық арасында скринингтен өту барысында қай деңгейде екенін анықтайды. Айталық, ауру бірінші кезең мен екінші кезеңде анықталатын болса, ол кісілердің өмір сүру ұзақтығы жақсарады. Медицинада оның өмір сүру ұзақтығы бес жылға дейін. Сонымен қатар, былтыр тек облыста ғана емес, республика бойынша қызылша ауруы өршіді. Қуаныштысы, «қызыл аймақта» болған жоқпыз. Бірақ, адамдардың ауырған жағдайлары болды. Бұл орайда, халыққа айтарымыз, дер кезінде екпе алуға мұқият болған жөн»,- дейді Бауыржан Сатыбалды.

Бүгінде учаскелік дәрігерлер үй-үйді аралап, аурудың алдын алу, сақтану жолдарын көрсетіп, түсіндіріп, барлық аймақтар қамтылып отыр. Қазіргі таңда 180 мыңға жуық бала қамтылды. Қазір облыс қызылша ауруының көрсеткіші бойынша «жасыл аймақта». Дегенмен қосымша 1032 инфекциялық төсек орын жасақталып қойылған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →