×

Маңызды: Қазақстанда оң жақты рулді таксилерге қатысты жаңа шешім шығады

Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты

Маңызды: Қазақстанда оң жақты рулді таксилерге қатысты жаңа шешім шығады
Фото: ашық дереккөзден

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», - деп хабарлады ол.

Министрдің айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді анықтап, платформадан алып тастайды. Яғни, олар енді такси қызметін тоқтатады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →