×

Түркістан облысында адам папиллома вирусына қарсы вакцинация тегін жүргізілетін болады

Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары

Түркістан облысында адам папиллома вирусына қарсы вакцинация тегін жүргізілетін болады
Фото: ашық дереккөзден

Созақ аудандық орталық ауруханасында аудан тұрғындарына адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялаудың маңызы жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Түркістан облысы Созақ аудандық орталық ауруханасы жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Меруерт Танатарованың сөзінше 2024 жылдың қыркүйегінен бастап 11 жастағы қыздарды АПВ жоғары онкогенді түрлеріне қарсы 4 валентті вакцинамен егу жоспарлануда. АПВ вакцинасы 6 айлық аралықпен 2 рет егіледі. АПВ-ға қарсы 2 валентті вакцина 16, 18 типті  антигендерінен және 4 валентті вакцина 6, 11, 16, 18 типті антигендерінен тұрады. Қолданыстағы вакциналардың тиімділігі өте жоғары. Адам папиллома вирусына қарсы вакцинациялау ҚР Ұлттық егу күнтізбесіне енгізілді, екпе ата-аналардың ақпараттық келісімімен, тегін жүргізілетін болады.

«Адам папиллома вирусы– теріні және дененің әр түрлі бөліктерінің шырышты қабықтарын зақымдайтын вирустар тобы. Вирус жылдам таралуға қабілетті, қатерлі ісікті өзгеруге әкелетін қоздырғышқа айнала отырып, соның салдарынан қатерлі ісік дамытумен қауіпті. Бүгінгі таңда, АПВ емдеу жолы болмаса да, алдын алудың бірден бір әдісі – бұл вакцинация. Жатыр мойны обырының дамуына әйелдің АПВ инфекциясын жұқтыру себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Адам папиллома вирусына қарсы вакцина 15 жылдан астам уақыт бойы әлемнің 135 елінде қолданылып келеді. Олардың ішінде, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан елдері де бар. АПВ-ға қарсы вакцина мектептерде немесе тіркелген мекенжайы бойынша емханаларда екпе кабинеттері арқылы тегін негізде жасалады. Вакцинацияға қарсы көрсетілімдер болмаса, дәрігердің қарап тексеруінен кейін 6 ай аралықпен екі рет жүргізіледі», - деді дәрігер.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты
Кеше, 18:16

Электрокөліктің басты кемшілі қандай – Нұрлан Смағұлов пікірін айтты

Электрокарды заңды тасымалдау екі-үш жылдың еншісіндегі мәселе
Депутаттың сөзінше, бағдарламада тұрақты жұмыс орындарын ашу көрсеткіші жоқ
Атом электр станциясын салудың экономикалық аспектілері жан-жақты түсіндірілді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →