×

Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды

Ол еңбек жолын 2010 жылы бастаған

Алматыда Алатау ауданының әкімі тағайындалды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің өкімімен ҚР Президенті Әкімшілігінің және қала мәслихатының келісімімен Алатау ауданының әкімі лауазымына Талғат Малыбаев тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Талғат Малыбаев 1987 жылы 20 желтоқсанда Қарағанды облысында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «көлік» мамандығы бойынша бітірген. 

Еңбек жолын 2010 жылы Қарағанды қ. «Агро-Консалтинг – К» АҚ Стратегия және бюджеттік жоспарлау департаментінің маманы ретінде бастады. 

Әр жылдары құрылыс компанияларында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласының «Алматы жылу желілері» ЖШС-де, Алматы облысының «Жетісу» ӘКК ҰК АҚ-да басшылық қызмет атқарды. «Алматы қаласын дамыту орталығы» АҚ ТКШ қызметтерінің сапасын арттырудың базалық бағытын іске асыру тобының жетекшісі болып жұмыс істеді.

2023 жылы маусымнан бастап қазіргі тағайындалғанға дейін Алматы қаласы энергетика және сумен жабдықтау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандағы екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды
Бүгін, 14:19

Қазақстандағы екінші АЭС-тің қалай аталатыны белгілі болды

Ақордада өткен баспасөз мәслихатында Атом энергетикасы агенттігінің басшысы Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді
Енді арбалар, балаларға арналған жүруге көмектесетін таянғыштар, Брайль жүйесімен жазуға арналған құрылғылар және басқа да жабдықтар жалға беріледі
Қоғамда билікті ашық сынға алуға қатысты қорқыныш деңгейі жоғары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →