×

«Үркер» сыйлығын алған редакция сыйақыны журналист Жанболат Мамайға аударады

Бұл жөнінде ақпараттық порталдың негізін қалаушы Самал Ибраева әлеуметтік желіге жазды

«Үркер» сыйлығын алған редакция сыйақыны журналист Жанболат Мамайға аударады

Ulysmedia ұжымы «Үркер» сыйлығының сыйақысын журналист Жанболат Мамайға аударады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл жөнінде ақпараттық порталдың негізін қалаушы Самал Ибраева әлеуметтік желіге жазды.

— Ұлыстың контенті бәріне бірдей ұнай бермейтінін білеміз. Олай болуы міндетті де емес. Сынды қабылдай алмайтындар көп. Дегенмен біз мемлекетшілдіктен айныған емеспіз. Сөз бостандығы болса, елдегі кемшіліктер ашық айтылса, түзелсе деп жүреміз. Өзім дербес медиалардың жұмысына әрқашан жанкүйермін, - деп жазды Ибраева парақшасында.

Ол осы ойларын бүгін сала басшылары жиналған үлкен аудиторияда айтқан. 

«Ұлысқа» арнайы атап Үркер сыйлығын беріпті. «Әділ сөз» ұйымының жобасы аясында әзірленген Қазақстандағы әуежайлар туралы аналитикалық материалының бағалануының мәні бар деп ойлаймын. Біз Ұлыс ұжымымен “Үркер” қаржылай сыйлығын қоғамдық-саяси және журналистік жұмыспен айналысуына 6 жылға тыйым салынған әріптесіміз Жанболат Мамайға көмек ретінде аударуға шешім қабылдадық. Бір-бірімізді әрқашан қолдап жүрейік, – деп жазды ол.

Ulysmedia порталының негізі 2021 жылы қаланған. Ақпараттық портал елдің күнделікті саяси, әлеуметтік, қоғамдық өмірінен ақпарат таратады әрі елдегі белді басылымдардың біріне айналған. Ulysmedia ұжымы “Үздік аналитикалық материал” аталымы бойынша “Үркерде” үздік шықты.

Журналист әрі оппозиция белсендісі Жанболат Мамай сот үкімі бойынша бірнеше жыл бойы елде белсенді саяси жұмысын жалғастыра алмайды. Оның зайыбы Инга Иманбай 1 млн теңгелік сыйақы журналистерге, құқық қорғаушыларға қазақ тілін үйретуге бағытталатынын мәлім етті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

9 шақырым болатын 16 көшеге жаяу жүргіншілер жолы салынды
Кәсіпкерліктің экономикадағы үлесі осы жылы 21%-ға жетеді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →