×

Қазақстанда қанша қызға Папиллома вирусына қарсы екпе салынды - министрлік жауап берді

Адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцина 11-13 жас аралығындағы қыздарға салынып жатыр

Қазақстанда қанша қызға Папиллома вирусына қарсы екпе салынды - министрлік жауап берді
Сурет: 3gdp.by

Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинамен 11-13 жас аралығындағы 54,5 мыңнан астам қызға вакцина егілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Қазан айының басынан бастап республикада әр жерде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы адам папиломасы вирусына (АПВ) қарсы 11 жастағы қыздарға вакцинациялау жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар 12 жастан 13 жасқа дейінгі қыздарға арналған толтыру иммундауы жүргізіліп жатырӨңірлердің арасында АПВ-ға қарсы вакцинациялау бойынша Түркістан облысы көш бастап тұр, онда 11,1 мыңнан астам қыз егілді, Шымкент қаласында 5,3 мыңнан астам оқушы, Қарағанды облысында 4,3 мыңнан астам, Жамбыл облысында 4 мыңнан астам, Астанада 3,7 мыңнан астам қыз вакцинацияланды, — делінген Денсаулық сақтау министрлігі хабарламасында.

Ведомствоның мәліметінше, вакцинацияланғандардың арасында иммундаудан кейін кері әсер берген жағдайлар тіркелген жоқ. АПВ-ға қарсы профилактикалық вакцинациялау жатыр мойны обыры мен басқа да онкологиялық аурулардың дамуына жол бермейді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды
Бүгін, 19:24

«Мың жүйрік» байқауының жеңімпаздары анықталды

Республикалық байқау биыл төртінші рет ұйымдастырылды
Полиция аталған жағдай бойынша тексеру жүргізіп жатыр
Үстел теннисі орталығы жеке кәсіпкердің қаражатына салынған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →