Қорғаныс министрі бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді.
Бүгін Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Qaz365.kz
Ол Астанада өткен кезектен тыс жиында Қазақстанның Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының президенті болып сайланды. Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді.
Қорғаныс министрі бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді. Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.
Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесінде сәтті қолданылады. Біз спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт ретінде кең көлемде дамытуға үлкен күш саламыз, - деді жаңа президент.
Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 2022 жылдың 19 қаңтарынан бері ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарып келеді.