×

36 жастағы боксшы Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды

Чемпионаттағы ең жасы үлкен мен ең жасы кіші боксшылардың жеңісі

36 жастағы боксшы Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды
Сурет: aiba.org

Қарағандыда өтіп жатқан Қазақстан чемпионатының кезекті жеңімпаздары анықталды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұл туралы ҚР Бокс Федерациясы мәлімдеп отыр.

 “36 жастағы боксшы Теміртас Жүсіпов Қазақстанның 8 дүркін чемпионы атанды. Ол 48 келі салмақта Нұрзат Оңғаровтан (Жамбыл облысы) басым түсті. Жастар арасындағы әлем чемпионатының ең үздік боксшысы атанған Төрехан Сабырхан ересектер арасындағы ел біріншілігінің финалында жекпе-жексіз жеңіске жетті”, – деп хабарлады Бокс Федерациясы.

Төрехан Сабырхан 67 келі салмақта өнер көрсетіп, алғашқы айналымда Айбек Төлегеновті жеңсе, екінші кезеңдегі қарсыласы шаршы алаңға шыққан жоқ. Ал ширек финалда Төрехан Бақтияр Анарбаевтан басым түсіп, жартылай финалда Елнұр Сүйінбайдың мысын басты. Алтын жүлде үшін жекпе-жекте Санатәлі Төлтаевқа қарсы жұдырықтасуы керек еді. Бірақ Төлтаев финалдық жекпе-жекке шықпағанына байланысты Төрехан ел чемпионатының жеңімпазы атанып отыр.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Олимпиада жүлдегері болсам да, жұмыс сұрап есік қағып жүрмін – Жазира Жаппарқұл
Бүгін, 04:47

Олимпиада жүлдегері болсам да, жұмыс сұрап есік қағып жүрмін – Жазира Жаппарқұл

Ол Шымкент қаласының спорт басқармасының басшысы Марат Мықтыбековпен бірнеше рет кездесіп, мәселені көтергенін жеткізді.
Сондай-ақ ол қоғамдағы теріс көзқарастарға да тоқталып өтті.
Қазақстан Азия чемпионатында жалпы саны 38 медаль жеңіп алған
Жануарды арнайы жабдықтарды пайдалана отырып құтқарып қалған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →