×

Қалың қауым елорда әуежайынан чемпиондарын қарсы алды

Қалың қауым елорда әуежайынан чемпиондарын қарсы алды
zakon.kz

Елорда әуежайында қалың қауым Ташкентте ерлер арасында бокстан өткен XXII әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құшақ жая қарсы алды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Алтын медаль иегерлерінің әрқайсысына 265 мың доллар көлемінде сыйақы төленеді.

Ташкенттегі әлем чемпионатында біздің команда 10 жыл бұрынғы бірегей жетістігін қайталап, бірден 4 алтын медаль жеңіп алды. Бұл - әлем чемпионаты шеңберіндегі отандық боксшылар үшін ең жақсы нәтиже. Чемпиондарды қарсы алуға келгендер қатарында Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов та болды. 

"Бүгін - тарихи жеңіс. Кеше бүкіл әлем бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатының нәтижесін тағатсыздана күтіп, тамашалады. Ал біздің жігіттерден бесеуі финалға шықты. Біз бір күміс және төрт алтын медаль алдық. Бұл - соңғы 10 жылдағы алғашқы жетістік. Қазақстан құрамасының атынан отандық бокс мектебінің түлектері қатысқаны ешкімге құпия емес. Қазақстандық бокс мектебінің әлемдегі ең үздіктердің бірі екенін тағы да дәлелдедік. Көрдіңіздер бе, біздің спортшыларды қолдауға қанша адам келіп тұр. Құрмет деген осы!" – деді Асхат Оралов

Ол алда Азия ойындары мен Олимпиада барын еске салды. Айта кетсек, әрбір жеңімпаз осы чемпионатта 365 мың доллардан табыс тапты.

"Спортшылардың басты мақсаты - ақша емес. Олар халықтың ар-намысын қорғау үшін барады. Ташкентте Қазақстанның әнұраны 4 рет шырқалды. AIBA жігіттеріміздің әрқайсысына 250 мың доллардан береді. Біздің Қазақстан федерациясы - 100 мың доллардан. Үкіметтен заң бойынша әлем чемпиондарына 15 мың доллар берілді. Дәл осындай сома жаттықтырушыларға да беріледі. Менің ойымша, бұл - дұрыс шешім. Бұл тек боксқа ғана қатысты емес, сонымен қатар басқа спорт түрлерінде де солай", – деді өз сөзінде Асхат Оралов

Чемпиондардың бірі Нұрбек Оралбай қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

"Бұл - біз үшін үлкен мотивация. Біз сіздердің қолдауларыңызды жақсы сезіндік. Халқымыздың намысты екенін көрсетуге тырыстық. Алдымызда Азия ойындары, Олимпиада бар. Біз еліміздің көк туын әлі әуелетіп, желбіретеміз",  – деп алғысын білдірді Нұрбек Оралбай

Алтын медаль иегерлерінің бірі Санжар Тәшкенбай демалып алуды, туыстарымен бірге уақыт өткізуді, содан кейін ірі жарыстарға дайындыққа кірісуді жоспарлап отырғанын айтты.

 

"Біз оларға да (Азия ойындары, Олимпиада) қатысамыз. Қазақстандықтарға қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымды білдіргім келеді, қолдау күшті болды. Ташкентте трибуналарда өзбектер емес, қазақтар көп болды. Біздің Әнұран шырқалғанда ғаламат болды" – деді ойымен бһліскен Санжар Тәшкенбай

Әуесқойлар арасындағы бокстан Әлем чемпионаты 2023 жылдың 30 сәуірі мен 14 мамыры аралығында Ташкентте өтті. Чемпионатқа әлемнің 107 елінен 500-ден астам спортшы қатысты.

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты
Бүгін, 12:34

Абай облысында футболшылар «Таза Қазақстан» акциясы аясында ағаш отырғызуға қатысты

Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →