×

Дзюдошы Сұңғат Жұбатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды

Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі

Дзюдошы Сұңғат Жұбатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық Сұңғат Жұбатқан Душанбеде дзюдодан өтіп жатқан Гран-при турнирінің қола жүлдегері атанды, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі «Спортты дамыту дирекциясы» РМҚК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстандық дзюдошы 66 келіге дейінгі салмақта үздік үштікке ілікті.

Сұңғат Жұбатқан алдымен Израиль дзюдошысын, екінші айналымда жарыс қожайыны Нұрали Эмомалиді жолдан тайдырды, дегенмен ширек финалда ресейлік Мурад Шопановқа есе жіберді.

Одан кейін жұбаныш белдесуінде ұлыбританиялық дзюдошыны жеңіп, қола медаль үшін күресуге мүмкіндік алды. Мұнда ол испаниялық Адриан Нето Чинарродан басым түсті.

Бұл – ұлттық құраманың осы турнирдегі алғашқы медалі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті
04.05.2026ж. 19:54

Жетісуда жергілікті воллейбол клубы 25-жылдығын дүркіретіп атап өтті

Клуб мүшелерін облыс әкімі Бейбіт Исабаев құттықтап, марапаттар тапсырды
Осыған орай бүгін Талдықорған қаласындағы құрылыс алаңына Уақыт капсуласы салынды
Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →