×

100 мың АҚШ доллары: Чемпиондардың аналары да марапатталды

Құрамамыздың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады

100 мың АҚШ доллары: Чемпиондардың аналары да марапатталды

Алматы қаласында бокстан ерлер мен әйелдер арасындағы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті. Спортшылар мен бапкерлер Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышевтың жеке қаржысынан ақшалай сертификаттар алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Ташкентте әлем чемпионы атанған Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбай 100 мың АҚШ долларымен марапатталса, күміс жүлдегер Дулат Бекбауовқа 50 мың АҚШ доллары берілді. Сонымен қатар, Рақышев мырза Дулатқа қымбат швейцар сағатын да сыйлады. 

Бұл күні нәзік жанды боксшыларымыз да марапатталды. Нью-Делиде өткен әлем біріншілігінің финалистері Карина Ибрагимова мен Ляззат Күнгейбаева отандық бокс басшысынан 30 мың АҚШ долларын алды. Қола жүлдегерлер: Алуа Балқыбекова, Валентина Хальзова және Фариза Шолтай 10 мың АҚШ доллары көлеміндегі сыйға ие болды. 

Құрамамыздың жеңіске жетуіне зор үлесін қосып жүрген команда өкілдері – бапкерлік құрам, кеңесшілер, кешенді ғылыми топ мүшелері де назардан тыс қалмады. Штаттағы жаттықтырушылар мен жеке бапкерлер, дәрігерлер, массаж жасаушылар және тб мамандар 1 мыңнан 15 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы алды. 

«Әлем чемпионаты кезінде бізге ыстық қолдау көрсеткен бүкіл Қазақстан халқынан тағы да алғыс айтамын. Федерация, команда үшін бұл үлкен мәртебе. Біз әрқашан сенімді ақтауға тырысамыз. Қазір Қазақстан құрамасы әлемдік бокс рейтингінде көш бастап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев чемпиондарымызды алғашқылардың бірі болып құттықтады. Елге оралғаннан кейін боксшыларды Ақордада қабылдап, марапаттады. Бұл еңбегіміздің еленгенін, бағаланғанын білдіреді. 
Бүгінгі іс-шарамыз ерекше екенін айтып өтейін. Өйткені, біз спортшылар мен бапкерлерді ғана емес, алғашқы рет чемпиондарымыздың аналарын да марапаттап отырмыз. Бұдан былай бұл дәстүрге енеді деп ойлаймын. Алып анададан туады, сондықтан, ақ аналарымызға үлкен алғыс айтамын», -
деді құттықтау сөзінде Кеңес Рақышев.


Еліміздің бірнеше қаласынан арнайы келген чемпиондардың аналарына Кеңес Рақышев гүл мен 2 миллион теңгенің сертификаттарын сыйлады.

Өзбекстан астанасындағы тамаша нәтиже үшін ерлер құрамасының бас жаттықтырушысы Мырзағали Айтжановқа 25 мың АҚШ долларына қоса, ҚБФ көлік міңгізді.

Жекелей сыйлықтарды есептемегенде, марапаттаудың жалпы жүлде қоры 600 мың АҚШ долларын құрады.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді
23.04.2024ж. 00:03

Шавкат Рахмоновтың төртінші баласы дүниеге келді

Отандасымыз бұл жолы қызды болды
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты
Ол финалда украиналық Марта Костюкті 6:2, 6:2 есебімен жеңіп, осы маусымда үшінші турнирде жеңіске жетті
Ойынға екі команданың жанкүйерлерімен қатар бейтарап көрермен тарапынан да қызығушылық жоғары болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →