×

«Қазақстан барысы» Ғалымжан Қырықбайға Тараздан 2 бөлмелі пәтер берілді

Жаттықтырушысына 2 млн теңгенің сертификатын тапсырды.

«Қазақстан барысы» Ғалымжан Қырықбайға Тараздан 2 бөлмелі пәтер берілді
Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының әкімі Қазақстан барысы Ғалымжан Қырықбайға пәтер кілтін табыстады, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі облыс әкімдігіне сілтеме жасап.

Таразда Астана күніне орай ашық аспан астында «Еңселі Елордам» атты мерекелік шара өтті.

Салтанатты шарада бас қаланың жетістігі, өткені мен бүгіні туралы бейне-ролик көрсетіліп, белгіленген жерлерде спорт шаралары ұйымдастырылды.

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов жиналғандарды елорданың 5 жылдығымен құттықтады.

Нұржан Нұржігітов өз сөзінде жуырда ғана өткен республикалық «Қазақстан барысы» турнирінде жеңімпаз атанып, жерлестерінің мерейін асырған Ғалымжан Қырықбайдың жетістігін айрықша атап өтті.

41 балуанның ішінен үздік шығып, еліміздің бас балуаны атанған спортшыға Тараз қаласынан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстап, марапаттады.

Ал оның жаттықтырушысы Бахтияр Ақбергеновке 2 млн теңгенің сертификатын тапсырды.

Еске сала кетейік, астанада өткен «Қазақстан барысы» турнирінде Ғалымжан Қырықбай бас жүлдені жеңіп алған еді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды
22.04.2026ж. 16:12

Сәтсіз ойыннан кейін Арман Оспанов «Ақтөбе» ФК-дағы төраға қызметінен босатылды

Соңғы ойындардағы сәтсіз нәтижелер команда басшылығындағы өзгерістерге себеп болды
Инвестиция құны 1 млрд теңгеге жуықтайды
Жалпы саны 1500-ге жуық қатысушы 4 шақырым қашықтықты бағындырды
Отандастарымыз турнир барысында барлығы 8 медаль еншіледі

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →