×

Байдарка және каноэ есуден бүгін бес медаль бұйырды

Қазақстан  4 алтын, 7 күміс, 24 қола медальмен 13-орыннан 10-орынға көтерілді

Байдарка және каноэ есуден бүгін бес медаль бұйырды
Сали Сабыров

Қытайда өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында байдарка және каноэ есуден бүгін қоржынға бес медаль түсті, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Алтын жүлденң каноэ есуден 500 метрлік жарыста Сергей Емельянов пен Тимур Хайдаров еншіледі

Екеуі аталған қашықтықты 1:49 минутта жүзіп өтті. Ұлттық құрама спортшылары Жапония мен Иран ескекшілерінің алдын орады.
500 метрге жұптық каноэ есу, ерлер:
1.Қазақстан - 1.49
2.Жапония - 1.49
3.Иран -1.50.

 Сергей Емельяновтің бұл Азия ойындарындағы үшінші жүлдесі. Ол 2014 жылы Инчхон мен 2018 жылы Джакатада мың метрге жекелей жарыста күміс медаль жеңіп алған.

Сонымен қатар екі күміс пен екі қола медаль бар.

Әйелдер арасында 500 метрге жұптық каноэ есуден Мария Бровкова мен Руфина Искакова қытайлық Олимпиада чемпиондары Шисяо Сюй мен Мэня Суньннан кейін екінші орынға тұрақтады.

1000 метрге жұптық каноэ есу, әйелдер:
1.Қытай - 2.01
2.Қазақстан - 2.08
3. Таиланд – 2:08.257.

Сонымен қатар тағы бір күміс 500 метрге жұптық байдарка есуден сынға түскен Ирина Подойникова мен Ольга Шмелеваға бұйырды.

1000 метрге жұптық байдарка есу, әйелдер:

1.Қытай құрамасы – 1:49.944
2.Қазақстан құрамасы – 1:51.251
3. Өзбекстан құрамасы – 1:52.832.

Ал қола жүлдегп 1000 метр қашықтыққа байдаркада есуден Кирилл Тубаев және каноэ есуден Тимофей Емельянов еншіледі.

1000 метрге байдарка есу, ерлер:

1. Жанг Донг (Қытай) - 3:46
2.Шахриёр Махкамов (Өзбекстан)- 3:49
3. Кирилл Тубаев (Қазақстан)- 3:51.

1000 метрге каноэ есу, ерлер:

1.Лай Куан-Чей (Қытайлық Тайпэй) -4:15.942 
2.Владлен Денисов (Өзбекстан) -4:15.994
3. Тимофей Емельянов (Қазақстан) - 4:18.

Бұл ақпараттың жарық көруіне қолдау жасаған «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →