×

Асыланбектің жекпе-жегінен кейін өзбек жанкүйерлері Жалоловтан Қоңқабаевты құлатуды сұрап жатыр

Асыланбек Шымбергенов өзбек боксшысын нокаутпен жеңген соң, екі елдің әлеуметтік желісінде маза жоқ

Асыланбектің жекпе-жегінен кейін өзбек жанкүйерлері Жалоловтан Қоңқабаевты құлатуды сұрап жатыр
Qaz365.kz коллажы

Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында боксшы Асыланбек Шымбергенов өзбек боксшысын нокаутпен жеңген соң, екі елдің әлеуметтік желісінде маза жоқ, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Өзбекстан бокс федерациясының әлеуметтік желідегі парақшасы әу баста Асаходжа Муйдинходжаев пен Асыланбек Шымбергеновтің кездесуін салған. Бірақ кейін өшіріп тастаған көрінеді. Бұл туралы қазақстандық жанкүйерлер жарыса жазып жатыр. Сонымен қатар боксшыларының осылай жеңілгеніне наразы кейбір өзбек жанкүйері енді аса ауыр салмақтағы Бахадүр Жалоловтан Қамшыбек Қоңқабаевты нокаутқа түсіруін талап етіп отыр.

«Қамшыбекті нокаутқа түсіру керек. Толқын аға (бокстан Өзбекстан құрамасының бас бапкері Толқын Қылышев) жәй жеңіс керек емес. Тек нокаут қажет. Біз Асадхужа үшін дұға етуге тиіспіз», «Бахадүр кезінде көршіні сыйлап, ұятқа қалдырғысы келмегендіктен ұрмаған»,  «Бахадүр Асаходжа үшін есе қайтаршы, алға Өзбекстан», «Баходир Қамшыбек нокаутқа түсуі тиіс, сізден күтетініміз осы», - деген пікірлер көптеп жазылған.

Айта кетейік, бұған дейін Асыланбек Шымбергенов 67 келіде әлем чемпионы атанған өзбекстандық Асаходжа Муйдинходжаевты нокаутпен жеңген еді. 

Ал Қамшыбек Қоңқабаев пен Баходир Жалолов екеуі тек финалда кездесе алады. Оған дейін алдымен жартылай финалдағы қарсыластарын жеңуі тиіс.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →