×

Сотқа шағымданамыз. Кеңес Рақышев қазақ боксшыларына араша түсетінін айтты

Ол боксшыларымыздың құқықтарын қорғауға қатысты шаралар аясында ҚР туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасын толығымен қолдаймыз деп отыр

Сотқа шағымданамыз. Кеңес Рақышев қазақ боксшыларына араша түсетінін айтты
Коллаж qaz365.kz

Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ХІХ жазғы Азия ойындарында қазақ боксшыларына жасалған әділетсіздікке байланысты сотқа шағым түсіретінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Құрметті достар, Азия ойындарындағы боксшылар бәсекесі мәресіне жетсе де, әділдік жолындағы «жекпе-жектер» әлі аяқталған жоқ. Қазақстан бокс Федерациясы Қытай шаршы алаңында жекпе-жектер ұйымдастырған PBU ұйымына (Париж-2024 Олимпиадасындағы ХОК бокс бойынша жұмыс тобы)  сотқа шағымданатынымызды ресми түрде мәлімдеймін. Басты мақсат - Асланбек Шымбергеновке Олимпиада лицензиясын және Карина Ибрагимоваға алтын медалін қайтару», - дейді Кеңес Рақышев.

Ол боксшыларымыздың құқықтарын қорғауға қатысты шаралар аясында ҚР туризм және спорт министрлігі мен Ұлттық Олимпиада комитетінің бастамасын толығымен қолдаймыз деп отыр.

«Біз бір жұдырық болып  бірігіп, төрешілердің  әділетсіздігіне және қабылдаушы тараптың қабілетсіздігіне қарсы шығуымыз керек. Қазақстан бокс федерациясы оған қоса өз тарапынан құқықтық рәсімдер мен пәрменді әдістерді пайдалана отырып, жұмыс жүргізеді. Достар, тағы да, қайталап өтейін. Турнирді IBA емес, ХОК өткізді, сондықтан шешімді өзгерту, шағым жасау және нәтижені қайта қарау жағдайлары мүмкін емес. Сонымен қатар, ХОК-тың тарихында бокстағы шешімдерді өзгерткен жағдай болып көрмеген. Бірақ біз Асланбек пен Карина үшін соңына дейін күресеміз», - дейді федерация президенті.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды
29.04.2024ж. 21:59

Тарихта алғаш рет Өзбекстан футболшылары Париж Олимпиадасына жолдама алды

Олар жартылай финалда Индонезиядан басым түсті
Акцияның мақсаты – өңірлердің экологиялық жағдайын жақсартуға ел халқын біріктіру.
Жартылай марафонға 18 жастан асқандар қатысты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →