×

«Күнделікті өмірге қажетті бірнеше сөзді үйрендім»: Черчесов қазақ тілі курсына қатысып жүр

Черчесов қазақ тілін үйрену қалай болып жатқанын айтты

«Күнделікті өмірге қажетті бірнеше сөзді үйрендім»: Черчесов қазақ тілі курсына қатысып жүр
Фото: РФС

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов қазақ тілін үйрену қалай болып жатқанын айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жақында ғана қызметіне кірісіп, тілшілерге арнап брифинг өткізген Қазақстан құрамасының бас бапкері қазақша сұрақ қойған тілшінің сауалына шамданған еді. Бұл жағдай әлеуметтік желіде қызу талқыға түсіп, сынға ұшырады.

Осыдан кейін жеке әдістемесі бойынша қазақ тілін оқытатын маман Қанат Тасыбеков Станислав Черчесовті курсына қабылдаған еді.

«Қазақстан – алып ел, Қазақстан – ар-намысын аяққа таптатпайтын ел. Әрине, барлық жердің өз кемшілігі мен артықшылығы бар. Бұл күндері біртіндеп сіңісіп келемін, жиі қолданылатын бірнеше сөзді үйреніп алдымен одан әрі үйренемін, бірақ қазақ тілін толық үйреніп кетпейтінім белгілі. Негізгі сөздерді білуім қажет, сондықтан бар күшімді саламын», – дейді Станислав Черчесов  «Россия 24» телеарнасына берген сұхбатында.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қазақстандық боксшы Бразилиядағы Әлем кубогында қола жүлде жеңіп алды
Кеше, 17:55

Қазақстандық боксшы Бразилиядағы Әлем кубогында қола жүлде жеңіп алды

Отандасымыз 90 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті
Қазақстан футбол федерациясында бөлінген қаржы тиімсіз пайдаланылған
Елордадағы "Барыс Аренада" болатын бокс кеші
Ол оған дейін Алматы қаласы әкімінің аппарат басшысының орынбасары қызметін атқарған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →