×

«Қатты намысыма тиді»: Елдос Сметов ренішін айтты

Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды

«Қатты намысыма тиді»: Елдос Сметов ренішін айтты
Фото: olympic.kz / Сали Сабиров

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов қатты намыстанған сәтін еске алды.Спортшы сол үшін ең алдымен тіл үйренуге кірісетінін айтты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Осы Олимпиадада ағылшын тілін біомеу қатты намысыма тиді. Енді соны қолға аламын деп отырмын. Такато емес, бүкіл әлемде қарсыластарым, достарым бар. Олармен сөйлесейін десем, ойымды жеткізе алмаймын. Олар да сұрақ қояды, айтады, бірақ түсіне алмайтынмын. Соның өзінде бұл менің намысыма аса тиіп жүрген жоқ еді. Олимпиада ойындарын ұтқан соң кешке гала-ас ұйымдастырылып, басшылық пен Олимпиада чемпиондары жиналды. Бәрі келіп құттықтап жатыр. «Congratulations»деген жерін ғана түсініп, «thank you» деп қоямын. Сөйлеп жатыр, бірдеңелерді айтып жатыр, мен қарап тұрдым да, түсінбегеніме қатты намыстандым. Араында «legend» дегенді түсініп, оған да рахметімді айтамын, болды, басқа ештеңе түсінбеймін. Түр жасап алып, рахметімді жеткіземін, бірақ не айтып тұрғанын мүлде түсініп тұрған жоқпын. Мақтап жатқанын ғана сезіп тұрмын. Сол кезде талай жарысқа бардым, талай елде болдым, әлемді ұттым, үш Олимпиадада жүлде алдым, неге осы уақытқа дейін үйреніп, жаттап алмағанмын деп өзіме ызам келді. Алдыма бірінші қойған мақсатым - ағылшын тілін үйрену», – деді Елдос Сметов «Қызық таймс» бағдарламасында.

Айта кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 келіде топ жарды. Ол дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →