×

Жәнібек Әлімханұлының кездесуінде күтпеген жағдай болды

Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетті

Жәнібек Әлімханұлының кездесуінде күтпеген жағдай болды
Фото: Steve Marcus/Getty Images

WBO/IBF тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (15-0, 10 КО) бүгінгі жекпе-жегі алдында ескі әнұран шырқалды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Бұрынғы «Жаралған намыстан қаһарман халықпыз, Азаттық жолында жалындап жаныппыз» деп басталатын әнұран шырқалды. Жекпе-жек Австралияның Сидней қаласында өтіп жатыр.

Айта кетейік, The ring басылымының хабарлауынша, Жәнібек жеңіске жетсе, екі чемпиондық атағын да сақтап қалады. Ал егер жеңіліс тапса Михайлович IBF титулын иеленіп, WBO бос қалады.
IBF ережелеріне сәйкес, екі боксшы бүгін екінші мәрте салмақ өлшеуден өтті. Жәнібек таразыда 171,7 фунт (77,6 кг) көрсетіп, белгілеген лимиттен аспады. Ал Андрей- 169,2 фунт (76,7 кг) шықты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресми: Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing құрамына енді
Бүгін, 17:19

Ресми: Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing құрамына енді

Конгресс барысында жарыс өткізу регламентіне де енгізілген өзгерістер қабылданды
Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдап, 2 мүше қарсы дауыс берген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →