×

«Жағдай оңай емес». Ресейлік маман Черчесов туралы айтты

Қазір Қазақстан В лигасының 3-тобында соңғы орында тұр

«Жағдай оңай емес». Ресейлік маман Черчесов туралы айтты
Фото: kff.kz

ЦСКА-ның бас бапкері Валерий Газзаев «Спорт-Экспресс» басылымына берген сұхбатында  Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесовтің жұмысына баға берді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

13 қазанда Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Словениядан ұтылса, оған дейін дәл осы құрамадан – 0:3, Австриядан 0:4 есебімен ұтылды. Сонымен қатар Норвегиямен тең түсті (0:0).

«Станислав Саламұлы өте тәжірибелі бапкер, оның үстіне ол жақында ғана жұмысқа кірісті. Ол өте тәжірибелі маман, оның үстіне қай жерде жұмыс істесе де, нәтиже көрсетті: ұлттық құрамада да, клубтық деңгейде де. Басшылық оны қолдап, жағдайды түзеуге көмектеседі деп ойлаймын. Әрине, күрделі жайт, бірақ оның біліктілігі мен тәжірибесі мұның бәрін еңсере алады деп сенемін. Басы сәтсіз болды, бірақ «басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген сөз бар емес пе. Сондықтан оған қолдау көрсету керек», – деді Газзаев.

Қазір Қазақстан В лигасының 3-тобында бір ұпаймен соңғы орында тұр. 

61 жастағы Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін биылғы маусым айында алды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Ресми: Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing құрамына енді
Бүгін, 17:19

Ресми: Қазақстанның бокс федерациясы World Boxing құрамына енді

Конгресс барысында жарыс өткізу регламентіне де енгізілген өзгерістер қабылданды
Бокстан Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте бірінші орын алды
Қазақ тіліндегі қатесіз нұсқаны таңдау кезінде 23 мүше қолдап, 2 мүше қарсы дауыс берген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →