×

Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы

Ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген

Шымкенттік 83 жастағы қария пауэрлифтингтен Азияның он дүркін чемпионы
otyrar.kz

Тәліпбек Әлжанов күш сайыстыру спортынан Қазақстанның 16 дүркін, Азияның 10 дүркін абсолютті чемпионы. Осыдан екі жыл бұрын әлемнің 40 елінен келген 600-ден астам спортшымен күш сайыстырып, алтын және күмістен алқа тақты. Бұл сайыстарда ол 185 келі зілтемірмен еркін отырып-тұрып және 192 кг темірді жерден көтерген. Пауэрлифтингпен 30 жылдан бері айналысып келеді.

"Ауыр заттарды тонналап көтереміз. Гантель бар. 10-нан 18 келіге дейін барам. Келесі айда 20 келіге ауыссам деймін. Басқа спорттық снарядттар бар. Әрқайсысы 70-80 келі. Мәселен, аяққа салмақ салу. Оның өзін 150 келіден бастау керек."

Қария аптасына 4 күн арнайы залға барып жаттығады. Оның өзі кейде 4 сағатқа дейін созылады. Қимыл қозғалысындағы жылдамдықты жоғалтып алмау үшін алдымен бокс қабымен жұдырықтасады. Сонан соң күш қайратты арттыратын түрлі жаттығуларға кіріседі екен.

Сексен жасында сергек жүрген қария ұзақ жыл мәдениет саласында еңбек еткен жан. Театр да басқарған, облыстың мәдениет саласына да жеткешілік еткен. Еріншектік пен ерік-жігерін жеңе білген жан спорттың арқасында бүгінде қарттыққа мойынсұнбай, жастарға үлгі болып келеді.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →