×

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

20 жастағы отандасымыз карьерасында үш санат бойынша әлем чемпионы атанды

Ризабек Айтмұқан әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін мәлімдеме жасады

Еркін күрестен 23 жасқа дейінгілер арасында әлем чемпионы атанған Ризабек Айтмұқан отандастарына алғысын жеткізді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

20 жастағы спортшы карьерасында үш санат бойынша әлем чемпионы атанып отыр. Бұған дейін былтыр ересектер арасында, биыл тамыз айында 20 жасқа дейінгілер арасында, енді, міне, 23 жасқа дейінгілер арасында әлем біріншілігінде топ жарды.

Мақсатымды орындадым деп ойлаймын. Бірақ мұнымен тоқтап қалмаймыз. Алда әлем, Азия чемпионаттары мен Олимпиада ойындары бар. Сол жарыстарға дайындалып, бар күш-жігерімді саламын. Осымен тоқтап қалмай, Қазақ елін әлі де қуантамын деп ойлаймын, - деді Ризабек Айтмұхан финалдағы жеңісінен кейін.

Ал әлеуметтік желіде спортшы жанкүйерлерін рахметін айтты.

Құттықтап жатқан еліме мың алғыс! Алла разы болсын! Алға, Қазақстан, - деп жазды ол.

 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев
Бүгін, 14:16

Қайсарға 5 млрд бөліп, чемпион қылмай-ақ қойдым – Нұрлыбек Нәлібаев

Клуб бұрыннан қалып кеткен 400 млн теңге қарызын жыл сайын бөліп төлеп келеді
Елеусінов қыркүйек айында Алматыда жекпе-жекке шықты
2016 жылы РФ президенті Владимир Путиннің қолынан Ресей азаматтығын алған.
2024 жылдың маусымында Черчесов Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →