×

«2024 жылы 8 жоба аяқталған»: Денсаулық сақтау министрлігі USAID-пен қандай жобаларды іске асырды

USAID – бұл АҚШ-тың өзге елдерге қолдау көрсететін Халықаралық даму агенттігі

«2024 жылы 8 жоба аяқталған»: Денсаулық сақтау министрлігі USAID-пен қандай жобаларды іске асырды
Сурет: Stock photo: Getty Images

Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі USAID-пен қандай жобаларды іске асырды. USAID ұйымының Қазақстандағы жұмысындағы кідіріс қоғамда көп талқыланды. Өйткені ұйыммен Қазақстанда бірге жұмыс істеген адамдар, мемлекеттік органдар көп. Тіпті тұтас министрліктер ұйыммен бірлескен жобаларды іске асырған. Qaz365.kz порталы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне сауал жолдап, ведомство USAID агенттігімен қандай жобаларды іске асырғанын анықтап көрді. 

Министрлікке сауал

Qaz365.kz жолдаған сауалында Қазақстанның USAID ұйымы жұмысын бастағалы бері Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе қанша жобаны атқарғанын, бірлескен жобаларға қанша қаражат бөлінгенін білгісі келді. USAID ұйымымен бірлесе жүргізген сәтті жобаларды атай аласыз ба? Денсаулық сақтау министрлігі өз жұмысында USAID ұйымының қандай да бір кеңестерін, ұсыныстарын басшылыққа ала ма? Осындай сауалдар да қойылды.

Жауапта не жазылған

Редакцияның сауалына жауапты Халықаралық ынтымақтастық және интеграция департаменті директоры Г. Мұханова жолдады. Оның берген ақпаратына сәйкес, Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық ұйымдармен, оның ішінде АҚШ Халықаралық даму агенттігімен (USAID) ел азаматтарының мүддесі мен ұлттық басымдықтарға негізделген ынтымақтастық жүргізеді. Барлық жобалар мұқият бағаланып, Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін жақсартуға бағытталған. USAID-пен ынтымақтастық туберкулезбен күрес, зертханалық жұмыстарды нығайту, пандемияларға дайындықты арттыру және медициналық технологияларды енгізу салаларында табысты жобаларды жүзеге асыруды қамтыған. Барлық жобалар Қазақстан Республикасының заңнамасына толық сәйкес жүргізіліп, мемлекеттік органдардың қатаң бақылауымен іске асырылады.

«2024 жылы USAID-тың қолдауымен 8 жоба аяқталды, сонымен қатар ВИЧ-ке қарсы EpiC («Эпидемияны бақылау мақсаттарына жету және шараларды жалғастыру») жобасы өз жұмысын жалғастыруда. Бұл жоба халықтың негізгі топтары арасында АИТВ-ның жаңа жағдайларын анықтауды, алдын алу шараларын жүргізуді, сондай-ақ АИТВ-пен өмір сүретін адамдарға дер кезінде емдеуді қамтамасыз етуді көздейді. USAID-тың Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігімен атқарған жобаларға  қанша қаражат бөлінгені туралы ақпарат алу мақсатында  тиісті сұрау хат USAID-тың Қазақстандағы өкілдігіне жолданды. Министрлік сұрауды алғаннан кейін алынған ақпаратты қосымша жолдайтын болады», –  дейді жауапта министрлік.

Қазіргі уақытта Денсаулық сақтау министрлігі USAID-тың ағымдағы жобаларының тоқтатылуы немесе өзгертілуі туралы ресми ақпаратқа ие емес екенін атап өтті.

«Министрлік халықаралық серіктестермен ынтымақтастықты ұлттық мүдделер, тиімділік және ашықтық принциптері негізінде жалғастырады, бұл озық тәжірибелерді енгізу және Қазақстан азаматтарына сапалы медициналық қызмет көрсету мақсатында жүзеге асырылады», –  дейді Мұханова.

USAID

АҚШ-тың халықаралық даму жөніндегі агенттігі (USAID) – АҚШ үкіметінің тәуелсіз агенттігі, ол шетелдегі азаматтық көмек пен даму бағдарламаларын басқаруға жауапты. Биыл 7 ақпанда ұйым жұмысқа алынған қызметкерлерді әлем бойынша әкімшілік демалысқа жіберді. Бұған дейін Дональд Трамп бағдарламаларын 3 айға тоқтату туралы бұйрыққа қол қойған еді. Ал 1 ақпаннан бастап ұйымның веб-сайты мен әлеуметтік желілердегі аккаунттары жабылған. Сондай-ақ агенттіктің мыңнан астам қызметкері себепсіз жұмыстан шығарылып, демалысқа жіберілген еді.

Өйткені күмәнді шығындары көбейіп кеткен. АҚШ әкімшілігі мұндай шығындар ондаған жылдар бойы болып келе жатқанын айтты. Жүздеген миллион доллар күмәнді жобаларға жұмсалған.

Нұрән Әділет

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Атырау облысында 102 бала онкологиялық дертке шалдыққан
25.02.2025ж. 21:00

Атырау облысында 102 бала онкологиялық дертке шалдыққан

Өңірде 5 мыңнан астам адам қатерлі ісікке шалдыққан
2025 жылдан бастап 3,5 миллион адам тегін скринингтен өте алады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →