×

Биткоин құны 100 мың доллардан асты – теңгеге әсері қандай болмақ

Биткоин соңғы айда 45% қымбаттаған

Биткоин құны 100 мың доллардан асты – теңгеге әсері қандай болмақ
Сурет: Global Look Press/Rafael Henrique/Keystone Press Agency

 Биткоин бұрын-соңды болмаған 100 мың долларлық межеден асты, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Ataneken Business- ке сілтеме жасап.

Криптоинвесторлар АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі саланың дамуына үлкен қолдау көрсетеді еді деп күтіп отыр. Өз кезегінде бұл бағамның өсуіне әкелген. Соңғы төрт аптада биткоин 45%-ға қымбаттады.

Криптовалюта жақтаушылары Трамптың сайлауалды науқанын белсенді қолдағандардың бірі. Өзінің либералды ұстанымымен танымал Пол Аткинстің АҚШ-тың бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының басшысы болып тағайындалуы, Трамптың биткоиннің ұлттық қорын құрамын деген уәдесі инвесторлардың цифрлық активтердің болашағына деген сенімін нығайтып отыр.

Биткоин бағамы 120 мың долларға дейін жетуі мүмкін деген болжамдар да айтылып жатыр. Бұл бүгінгі доллар бағамымен теңгеге шаққанда 63 млн 600 мың теңге деген сөз.
 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
"Қандай клубтар бар?!": Қазақстанның футбол клубтары бейнеленген монеталар шығарылады
31.12.2024ж. 08:56

"Қандай клубтар бар?!": Қазақстанның футбол клубтары бейнеленген монеталар шығарылады

Жоба аясында «Қазақстанның футбол клубтары» коллекциялық монеталарының 13 түрі дайындалады
Бұл «Сақ стилі» жаңа сериясымен шығып жатқан үшінші банкнота
Валюта атауы "риалдан" жаңа бірлікке – "туманға" өзгермек
Монеталар 20 желтоқсаннан бастап сатылымға шығады

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →