×

"Шәмші әндері үшін айына 6 мың теңге": Нартай Аралбайұлы авторлық қоғамдарды сынға алды

Депутаттың сөзінше, елде 15-16 авторлық қоғам бар

"Шәмші әндері үшін айына 6 мың теңге": Нартай Аралбайұлы авторлық қоғамдарды сынға алды
Сурет: darminaopel.ru

Авторлық қоғамдар Шәмші әндері үшін айына 6 мың теңге ғана төлеген, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Композитордың әндерін осылайша арзан бағалап отырған авторлық қоғамдардың жұмысы туралы мәжіліс жанындағы комитет отырысында депутат Нартай Аралбайұлы айтты.

 «Шәмші Қалдаяқовтай ұлы тұлғамыздың шығармаларын тұтынғаны үшін ұрпағына авторлық қоғам бір маусымда, яғни 3 айда бір рет 18 мың теңге ғана төлеген. Шәмшінің әні орындалмайтын кеш бар ма, қазақта?! Біздің авторлардың құқы қорғалмайтынын осыдан-ақ көре берсеңіздер болады», –  деді Нартай Аралбайұлы .

Депутаттың сөзінше, елде 15-16 авторлық қоғам бар. Олар авторлардың шығармашылығын тұтынғаны үшін түсетін ақшаның 70%-ын өздері ұстап қалып, тек 30%-ын авторға немесе оның ұрпағына төлейді екен.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Кенжебай Мәденовке берілген тарихи марапат ел мерейін өсірді
07.05.2026ж. 15:32

Кенжебай Мәденовке берілген тарихи марапат ел мерейін өсірді

Батырдың ерлігі мен есімі ел жадында мәңгі сақталады
Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде режиссер Сұлтан Қожықовтың түсірген соңғы көрінісіне рұқсат берілмегенін айтты
Дау тудырған бір камзолдың арқасында халық әртісі Меруерт Өтекешова жайлы түрлі сұхбаттар шықты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →