×

Бір киіз үй – 20,5 млн теңге: әкімдіктер Наурызға қалай дайындалып жатыр

Мемлекеттік сатып алу сайтында сауда қызып жатыр

Бір киіз үй – 20,5 млн теңге: әкімдіктер Наурызға қалай дайындалып жатыр
Sputnik / Владимир Пирогов

Павлодар қаласының әкімдігіне қарасты «Естай» мәдениет сарайы 20,5 млн теңгеге 12 қанатты киіз үй іздеп жатыр, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

Наурыз жақындаған сайын жер-жердегі әкімдік ұлттық мерекеміздің атрибуттарын іздей бастайды. Әрине, Қазақстандағы Наурыз мерекесін киіз үйсіз елестету қиын, сондықтан болар, қазір мемлекеттік сатып алу сайтында сауда қызып жатыр.

Наурыз мерекесінің сәнін келтіру үшін ақша «аямай» жатқан әкімдіктердің бірі – Павлодар қаласының әкімдігі. Ұлттық мерекеге орай қазір әкімдікке қарасты «Естай» мәдениет сарайы үш лот жариялаған.

Бірінші лоттың техникалық сипаттамасына сай, әкімдік қаланың Конституция алаңына орнататын 12 қанатты, тез құрастырылатын, ауданы 50 шаршы метр және электр тоғына қосылған киіз үй іздегенін байқауға болады. Бұл лотты әкімдік 6,9 млн теңгеге бағалап, әрқайсысы осы бағада екі киіз үй сатып алуға конкурс жариялаған.

Екінші лоттың техникалық сипаттамасына сай, ішіндегі атрибуттарымен қоса, «12 арқанды, шаңырағының ені 2,5 метр, айналасына 8 софит орнатылған» заманауи киіз үй үшін әкімдік 20,5 млн теңгенің конкурсын жариялаған. Жеңімпаз бұл киіз үйді де «Естай» атындағы Мәдениет сарайына 2023 жылдың 15 наурызына дейін жеткізіп беру керек.

Балқаш қаласының мәдени-сауықтыру орталығы әрқайсысы 5,2 млн теңге болатын екі киіз үй сатып алуға лот жариялаған.

Техникалық сипаттамаға сай, мәдени-cауықтыру орталығы Наурыз мерекесінің қарсаңында он екі қанатты 2 киіз үй іздеп жатыр. Конкурс жеңімпазы техникалық сипаттамаға сай, киіз үйдің іші-сыртын түгел жабдықтап, тіпті кереге ілетін түлкінің терісі, тері торсық сияқты атрибуттарды қоса жеткізіп беру керек.

«Лисаков қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «Россия» мәдениет үйі де Наурыз мерекесіне орай киіз үй іздегені жарияланды.

Лоттың техникалық сипаттамасына үңіліп көрсек, «Россия» мәдениет үйі «12 арқанды хан киіз үйін» керегесі мен еденіне төсейтін кілемімен, тіпті кебеже, сандық, бесік, найза сияқты атрибуттарымен қоса іздеп жатыр. Ұлттық мереке қарсаңында Лисаков әкімдігі осындай сипаттағы киіз үй тігу үшін бюджеттен 7,1 млн теңге ақша бөліп отыр.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды
Бүгін, 18:05

1 млрд теңгеден астам касса жинаған «Міржақып. Оян, Қазақ!» фильмі байқауда үздік атанды

2023 жылдың қыркүйегінде фильм қазақстандық прокатқа шықты
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат
Бұған дейін әншілерден ең көп қаржыны Димаш Құдайберген аударған еді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →