×

Бюджеті 350 миллион теңгені құрайтын анимациялық фильм жасалып жатыр

50-ге жуық маман еңбек етіп жатқан туынды 2024 жылы жарық көрмек

Бюджеті 350 миллион теңгені құрайтын анимациялық фильм жасалып жатыр
Gov.kz

Отандық жас суретші-мультипликаторлар, аниматорлар және анимациялық кино саласындағы мамандар нарықты отандық мультфильмдерге толықтыруға әрі халықаралық прокатқа шығуға ниетті, деп хабарлайды qaz365.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет индустрия мамандарына белсенді қолдау көрсете бастады. Жыл соңына дейін кішкентай көрермендерге бірнеше заманауи мультфильмдер ұсынылады. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаевтың қазақстандық мультипликаторлармен кездесуі барысында белгілі болды.

«Қазақстандық анимация ренессансты бастан кешуде. Біз креативті шешімдерді ұсына білетін, заманауи, қызықты өнім жасайтын талантты жастарға қолдау көрсетеміз. Жуырда біз жаңа жобаларға серпін беріп, жас мультипликаторлардың біліктілігін арттыру мақсатында «Қазақанимация» шығармашылық бірлестігін құрдық. Біз бірнеше байқау жарияладық, қазірдің өзінде тырнақалды нәтижелерді көріп отырмыз. Біздің басты талабымыз –  балалар үшін сапалы, қызықты, лайықты мультфильмдерді шығару», –  деп атап өтті Дәурен Абаев.

Кездесу барысында министр мультипликаторлардың сұрақтарына жауап беріп, халықаралық прокатқа шығатын «Ашина. Көкбөрілер туралы аңыз» толықметражды мультфильмін жасау жұмыстарымен танысты. Оның шығуы 2024 жылдың басына жоспарланған, анимациялық фильмнің жалпы бюджеті 350 миллион теңгені құрайды.

«Бір ғана анимациялық фильмді жарыққа шығару үшін 50-ге жуық маман еңбек етіп жатыр. Бұл картина бірнеше кезеңнен тұратын үлкен еңбекті, уақытты қажет етеді. Әрине, ең алдымен, сарапшы, тарихшылармен көптеген кездесулер өткізіп, сценарий жаздық. Кейін кейіпкерлердің суретін салып, 3D модельдеу, текстуралық 3D форматында жұмыс істедік. Суретшілердің еңбегінен кейін аниматорлар мен визуализаторлар визуалды эффектілерді қосып жатыр. Біз ішінара монтаждау жұмыстарына кірісіп кеттік, жұмыс қарқынды жүруде. Жобаның басы-қасында Т. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясының түлектері жүр, осы мультфильмді жасап жатқан да солар, мұны қуана атап өткім келеді», –  деді студия директоры Ділшат Рахматуллин.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →