×

«Аватар: от пен күл» тұсаукесерінде қазақша нұсқасы көрсетілмей қалды

«Аватар: от пен күл» тұсаукесерінде қазақша нұсқасы көрсетілмей қалды

17 желтоқсанда Disney компаниясы шығарған «Аватар: от пен күл» картинасының тұсаукесері өтті. Бірақ фильмнің қазақша нұсқасы көрсетілмей қалды. Бұл жайлы Kursiv.Media тілшісі жазады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Сіздердің алдарыңызда бас иіп, кешірім сұраймын. Техникалық ақауларға байланысты фильмнің қазақ тілді жолағы бізге қолжетімсіз болып тұр. Өзіміз де жанымыз шығып осының қазақша болғанын тілеп едік, бірақ техника адам емес. Оған тілмен түсіндіру мүмкін емес», – деді қазақша дубляж режиссері Шах-Мұрат Ордабаев.

Бірақ ол 18 желтоқсаннан бастап барлық кинотеатрға шығады деп уәде берді.

«Аватар: от пен күл» – әйгілі режиссер Джеймс Кэмеронның туындысы. 2022 жылы оның «Аватар: Су жолы» фильмі де қазақшаланған еді.

Жалпы осы жылы 2025 жылы Disney студиясы «Элио», «Лило мен Стич» және «Аңдар шаһары 2» фильмдерін қазақ тіліне дубляждауға тапсырыс берген. 

 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Аттан, қазақ!»: Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің цензураға ұшыраған көрінісі туралы айтты
05.05.2026ж. 12:36

«Аттан, қазақ!»: Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінің цензураға ұшыраған көрінісі туралы айтты

Меруерт Өтекешова «Қыз Жібек» фильмінде режиссер Сұлтан Қожықовтың түсірген соңғы көрінісіне рұқсат берілмегенін айтты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →