×

Димаш Құдайберген бір кездері Назарбаев алған халықаралық марапатқа ие болды

«Ағайынды Карич қоры» сыйлығына бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері ие болған

Димаш Құдайберген бір кездері Назарбаев алған халықаралық марапатқа ие болды
Фото: ruh.kz и baribar.kz: UGC

3 желтоқсанда Сербияның Белград қаласында әнші Димаш Құдайберген "Ағайынды Карич қорының" марапатына ие болды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Жаңалықты әншінің әкесі Қанат Айтбаев хабарлады.

1979 жылы елдің ғылыми-технологиялық және шығармашылық әлеуетін қолдау және ілгерілету, жұртшылықты әлемдік мәдениеттің жетістіктерімен таныстыру институты ретінде құрылған қор 26-шы рет көрнекті шетелдік тұлғаларға сыйлықтар табыс еткен.

«Ағайынды Карич қоры» сыйлығына бұрын әлемге әйгілі ғылым, журналистика, экономика, мәдениет және өнер қайраткерлері ие болған. 

Әр жылдары физика бойынша Нобель сыйлығының лауреаты Ж. Алферов, әдебиет бойынша Нобель сыйлығының лауреаты П. Хандке, Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н. Назарбаев, кинорежиссер Э. Кустурица, теннисші Н. Джокович, актер С. Сигал, т.б. марапатқа ие болған.

Сербияның ұлттық театрының керемет сахнасында Димаш қазақтың халық әні «Самалтауды» және Игорь Крутойдың «Mademoiselle Hyde» шығармасын орындаған.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора
Qaz365.kz редакциясы

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ
23.04.2024ж. 14:11

Қуыршақ театрында «Шинель» қойылымының премьерасы ұсынылмақ

Бұл айрықша есте қалатын қуыршақ образымен ерекшеленетін спектакль болмақ
Ақын, аудармашы Саят Қамшыгермен сұхбат

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →