×

«Өзіңді сат, бірақ қара шаңырақтан қолыңды тарт!»: Меруерт Түсіпбаева «Қазақфильм» басшысы Азамат Сатыбалдыға шүйлікті

Түсіпбаева Азамат Сатыбалдыны сынға алды

«Өзіңді сат, бірақ қара шаңырақтан қолыңды тарт!»: Меруерт Түсіпбаева «Қазақфильм» басшысы Азамат Сатыбалдыға шүйлікті
Qaz365.kz коллажы

Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желіде Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында болып жатқан мәселелер жайлы айтып, акционерлік қоғамның президенті Азамат Сатыбалдыны біраз сұрақтың астына алды, деп хабарлайды Qaz365.kz.

«Кезінде Азамат Сатыбалды Баян Есентаеваның (қазір – Алагөзова) «Баян сұлу – Қозы Көрпеш» сериалын сынағанымда, мені  хайп қуып отыр деп сұхбат берген. (Кейін ол сериалды көрсетуге тыйым салынды). Енді, КТК-ға сұхбат беріп, «мен өзімді сатам ба?» , өзім білемін депсің. Онда өзіңді сат! Қара шаңырақтан қолыңды тарт! Менің атам –  Шәкен Айманов атындағы қара шаңырақтың ауласын Қытайдың көліктеріне толтырам ба, оны жарнамалаймын ба, өз еркім депсің! Қытай көлігін  кіргізгенің – қақпаны қытайларға ашқаның. Ойлан, баста дәурен тұрмайды , бауырым. Асыра сілтеме! Қанша «крышам плотный» дегендер абақтыда отыр. Арыстанбектің өміріне үңіл», – деді Меруерт Түсіпбаева.

Ол Азамат Сатыбалдыдан да бұрын «Қазақфильм» болғанын айтты. Сондықтан Қытайдың көліктерін аулаға қоймай-ақ мекеменің жұмысын жүргізе аласың деп отыр.

«Қолыңнан келмесе – орынды босат! Өз еркің, содан кейін Қытайдың көлігін сат! Өзіңді сат! Тек арыңды сатпа , бауырым!!! Ақша табылады ғой – абырой қымбаттырақ! «Қазақфильмнің» тұрған жері мықты, талай ашкөз үй саламын деп көз тігуде, ол да бар. Қай мақсатпен Азамат қара шаңырақты Қытай автонарығына айналдырып отыр ?! Сұрақ көп. Сен «Қазақфильмді» жойып, олигархтардың үй салуына мүмкіндік жасауға келдің бе?» – дейді әнші. 

Айта кетейік, Азамат Сатыбалды бұл қызметке 2023 жылдың шілде айында тағайындалған болатын.

Еске салайық, кеше КТК арнасының журналисі Асқарбек Қазанғап әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалдының киностудия аумағына қытай көліктерін тізіп, жарнамалап жүргенін көрсеткен еді.

Кейіннен Азамат Сатыбалды КТК тілшісіне қысқа-нұсқа жауап берді. Ол бос тұрған ғимаратты жалға бергенін растады. Алайда «ол көліктер сатылмайды, таксопаркке тиесілі» деп әңгімені қысқа қайырды. Мұндай қадамға баруына қарамағындағы 178 адамның жалақысын төлеуі түрткі болған. Расында, киностудияның бюджеті тапшы екенін мойындады.

Бұл мәселе төңірегінде Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да пікір білдірді. Ол аталған жағдайға байланысты ұйымдастыру және заңнамалық шаралар қабылданатынын айтты.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Бұл туралы 2024 жылдың көктемінде хабарланды
Бұл комикс - оқырмандарға қызық әлемге сапар шегу мүмкіндігін сыйлайды
Бұл жөнінде “baurynasalu.film”  Instagram парақшасында хабарланды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →