×

«Жала жабу, көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне қарсы наразылық шеруіне жауап берді

Күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді

«Жала жабу, көре алмаушылық»: Азамат Сатыбалды өзіне қарсы наразылық шеруіне жауап берді
Фото: brod.kz

Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамының президенті Азамат Сатыбалды Instagram парақшасында өзіне қатысты өткізілген наразылық шеруге қатысты жауап қатты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Актер қызметкерлердің талап-арызын аяқтан шалу және жала жабу деп есептейтін көрінеді.

«Ей, пендем. Ер жігіттің бабын алсаң да, басындағы бағын ала алмассың. Соны ұмытпа. Жала жабу. Аяқтан шалу. Жұмыс жасатпау. Көре алмаушылық. Бір-екі күнде мақалам шығады. Толық жауап сол жақта болмақ. Аллаға аманат», – деп жазды Азамат Сатыбалды.

Айта кетейік, күні кеше  «Қазақфильм» алдында «Қазақ анимация» шығармашылық бірлестігінің қызметкерлері наразылық білдірді. Өйткені  мемлекеттен бөлінген тиісті қаражат әлі күнге дейін қызметкерлерге берілмеген.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Хасанкейф – мыңдаған үңгірлер, өзен үстінен салынған көпірлер, патшалар сарайы, мешіттер мен мазарлар мекені
Қонақтар оқушылардан құралған шығармашылық ұжым сахналаған Нұрғиса Тілендиевтің өмірбаянына құрылған көрініс пен ансамбль мүшелерінің концертін тамашалады
Депутаттың айтуынша, соңғы уақытта «күлкі үшін шектен шығатын» блогерлердің саны көбейген

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →