Жаңа мектептердің ашылуы – бұл жай ғана ғимараттардың салынуы емес, жаңа дәуірде білім алатын оқушыларға жаңа мүмкіндіктер сыйлау
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Қызылорда қаласындағы 600 орындық мектептің ашылу рәсіміне қатысты. Білім ошағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынған, деп хабарлайды Qaz365.kz.
Бұл туралы Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Оған облыстық мәслихат төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, қоғамдық кеңес төрағасы Әріп Хожбанов, зиялы қауым өкілдері мен жауапты сала басшылары және қала тұрғындары қатысты. Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты еңселі де сәулетті мектептің ашылуымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.