×

НЗМ басшысы емтихан материалдарын сату туралы қауесеттерге жауап берді

Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды

НЗМ басшысы емтихан материалдарын сату туралы қауесеттерге жауап берді
Ашық дереккөздерден

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» басқармасының төрағасы Әнуар Жанғозин емтихан материалдарын сату туралы қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Qaz365.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» түлектері тапсыратын емтихандардың материалдарын сату туралы ақпарат тарады.

Жанғозиннің айтуынша, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды.

«Біздің мектептерде оқушыларды бағалау рәсімдерін жүргізуге арналған кез келген емтихан материалдары халықаралық стандарттарға сәйкес әзірленеді. Оларды әзірлеу кезінде құпиялылық пен қауіпсіздік шаралары сақталады, бұл материалдың сыртқа шығып кетуін болдырмайды. Осыған байланысты «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ арандатушылыққа берілмеуге шақырады. Біз шәкірттерімізді оқытуда адалдық пен ашықтықтың қатаң принциптерін ұстанамыз және алаяқтықтың кез келген түрін, соның ішінде емтихан материалдарын сатуды мүлдем құптамаймыз. Сондай-ақ, мұндай іс-әрекеттер біздің ережелерімізді өрескел бұзу ретінде қарастырылатынын және дереу жұмыстан шығаруға және кейіннен заңнамалық тұрғыда жауапкершілікке тартуға әкелуі мүмкін екенін атап өткім келеді», - деді НЗМ басшысы.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →