×

382 мыңға жуық бірінші сынып оқушысына алғашқы қоңырау соғылды

Оның 70%-ға жуығы қазақ тілінде білім алады

382 мыңға жуық бірінші сынып оқушысына алғашқы қоңырау соғылды
Qaz365.kz

Қазақстанда бірінші сыныпқа баратын 382 мыңға жуық оқушы үшін алғашқы қоңырау соғылды, деп хабарлайды Qaz365.kz

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚР Білім министрлігінің баспасөз қызметі бірінші сыныпқа баратындар мен түлектер санымен бөлісті.

2023 жылы 382 мыңға жуық бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алады. Қазақ тілінде оқыту жөнінен ең жоғары пайыз Шымкент, Түркістан және Алматы облыстарында тіркелді.
Сондай-ақ, биылғы оқу жылын 188 900 бітіруші түлек бастап жатыр. Бұл өзге жылдарға қарағанда ең жоғарғы көрсеткіш. Жалпы, мектептер 2023-2024 оқу жылын 3,9 миллионға жуық оқушы бастады. 

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады
25.04.2024ж. 16:40

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары ұзақ өмір сүру сапасын жақсартуға арналған жоба жасады

Зияткерлік мектеп ұстаздары мен оқушылары өздерінің ғылыми зерттеуі үшін авторлық құқыққа ие болды

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →