×

Хасан Қасымбаевтың анасы Талғарда елді жинап мәлімдеме жасады

Хасан Қасымбаев жақында қамауға алынған болатын

Хасан Қасымбаевтың анасы Талғарда елді жинап мәлімдеме жасады
Фото: Хасан Қасымбаевтың әлеуметтік желідегі парақшасынан

Бүгін қамауға алынған Хасан Қасымбаевтың анасы Гүлнар Нұракенова ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтан араша сұрады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Әлеуметтік желіде осыдан үш жыл бұрын Талғарда орын  ММА боксшысы Арман Әлімовтің ұрланған видеосы пайда болды. Бүгін “Хуторские" ұйымдасқан қылмыстық тобының (ҰҚТ) басшысы деп аталған Хасан Қасымбаевтың ұсталуы осы іске байланысты деген ақпарат тарады. 

«Менің баламның ісін әділетті шешіп беруіңізді, істі өз қарамағыңызға алып, осыны анықтап беруіңізді сұраймын. Баламды жазықсыз кінәлап отыр. Кінәсін дәлелдеп берсін. Департаментке де сол үшін келіп отырмын. Жауабын сол кісілерден күтемін», – дейді Қасымбаевтың анасы. 

Еске салсақ, "Хутор" бандасының жетекшісі деген Хасан Қасымбаев ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Талғардағы 16 жастағы Шерзаттың өліміне кінәлі "Хутор" бандасының қатысы бар деген ақпарат тараған еді. Алайда Хасан Қасымбаев өзінің бұл істе кінәсіз екенін айтып, үндеу жасаған болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Өлгендердің арасында есімді жидым»: Air India ұшағы апатында жалғыз жолаушы тірі қалды
Кеше, 20:43

«Өлгендердің арасында есімді жидым»: Air India ұшағы апатында жалғыз жолаушы тірі қалды

Жалғыз аман қалған — 40 жастағы Ұлыбритания азаматы Вишваш Кумар Рамеш
Бүгін Ахмедабадтан Лондонға бағыт алған Boeing 787-8 ұшағы апатқа ұшырады
Оны іздестіру жұмыстарына 500-ден астам полиция қызметкері тәулік бойы жұмылдырылған

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →