×

Марат Әйтеновтің көлігі алимент қарызын өтеу үшін тәркіленді

Қарыз соммасы 23 миллион теңгеден асқан

Марат Әйтеновтің көлігі алимент қарызын өтеу үшін тәркіленді
Фото "Самұрық-Қазына" қорының баспасөз қызметі

Шымкенттің экс-әкімі Марат Әйтеновтің ағасынан алимент бойынша қарызын өтеу үшін Mercedes S-Class көлігі тәркіленді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Астана қаласының жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасы мәліметінше, қарыз 23 миллион теңгеден асады.

"Жеке сот орындаушысы Мұратова Н.К үш балаға алимент өндіру туралы атқарушылық іс жүргізу барысында борышкердің автокөлігін тәркілеп, тұраққа қойды. Бұл көлік кейін электрон сауда арқылы сатылуы керек", - деп жазады басылым.

Өз кезегінде Марат Әйтеновтің бұрынғы әйелі Дана Әтешова Instagram-парақшасында көлікті тәркілеген жеке сот орындаушысына алғысын білдірді.

Айта кетейік, бұған дейін Дана Әтешова бұрынғы күйеуі, Шымкенттің экс-әкімі Мұрат Әйтеновтің ағасы Марат Әйтеновтің өзін балаларымен бірге үйінен күштеп қуып шыққанын мәлімдеген болатын.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады
30.04.2026ж. 18:00

«Ала алмаймын»: 5 жылға сотталған журналистке пара ұсынғандардың видеосы тарады

Желіде 5 жылға сотталған Арай Есенбектің парадан бас тартқан видеосы тарады 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →