×

Қашып кеткен қазақстандық қарақшы Ресейден ұсталды

Ол бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін

Қашып кеткен қазақстандық қарақшы Ресейден ұсталды
Сурет: Бейнеден кадр

Қарақшылық қылмысы үшін іздеуде жүрген қазақстандық Ресейден экстрадицияланды, деп хабарлайды Qaz365.kz. Бұл жайында ҚР Бас прокуратурасы хабарлады.

Қашып жүрген ер адам Ресейдің Тюмень қаласында ұсталды. Қылмыстың өзі 2023 жылдың тамыз айында Павлодарда болған. Күдікті мен оның сыбайласы танысына шабуыл жасап, денесіне ауыр жарақат салған.

"Ағымдағы жылдың сәуір айында ол Ресей Федерациясының Тюмень қаласының аумағында ұсталды, содан кейін ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды", - деп хабарлады Прокуратура.

Көп дене жарақаттарының нәтижесінде жәбірленушінің денсаулығына орташа ауыр зиян келген. Қылмыскерлердің бірі ұсталып 5 жылға бас бостандығынан айырылған.Ал екіншісі жасырынып, халықаралық іздеу жарияланған болатын.

"Болжамды қылмысты іске асыру үшін күдіктілер тәуліктің түнгі уақытын пайдаланып, мас күйінде оларға бұрын таныс жәбірленушіні қараңғы жерге апарып, есін жоғалтқанға дейін ұрып - соғып, 200 мың теңгеге жуық мүлікті иемденіп кеткен",  – деді ҚР Бас прокуратурасы.

Қазір күдікті тергеу изоляторында. Ол мүлкі тәркіленіп, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына кесіледі.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Тағы оқыңыз
23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Бүгін, 23:55

23 адам зардап шекті. Алматыдағы Бұрындай тас жолында жантүршігерлік жол апаты болды

Болжам бойынша, Mercedes көлігінде әйел бес баласымен бірге отырған
Ол 6 шілдеден бері іздестіріліп жатқан. 
Ол қазір Астана қаласындағы тергеу изоляторында отыр. 

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →