×

Мас автобус жүргізушісі 40 жолаушыны тасымалдаған

Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды

Мас автобус жүргізушісі 40 жолаушыны тасымалдаған
Сурет: Бейнеден кадр

Астана - Петропавл тас жолында 40 жолаушысы бар автобусты масаң күйде тізгіндеген жүргізушісі ұсталды,  деп хабарлайды Qaz365.kz

“Тәртіп сақшылары Астана - Петропавл автожолының 232-шақырымында қызмет атқару кезінде Түркістан облысының 50 жастағы тұрғыны басқарған Van Hool автобусын тоқтатты. Құжаттарды тексеру және әңгіме барысында жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Оған Бурабай ауданының ауруханасына медициналық тексеруден өту ұсынылды, онда дәрігер жүргізушінің жеңіл дәрежелі алкогольдік мас күйде екенін растады. Жүргізуші 40 жолаушыны тасымалдаған. Осы факті бойынша жүргізуші ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды”, – делінген Жол-патульдік полиция басқармасының хабарламасында.

Жолаушылар сапарын басқа жүргізушімен жалғастырды.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Бөлім жаңалықтары

Ол суицид жасаймын деп қорқытқан
Келтірілген жалпы шығын 3 миллион теңгеден асты

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →