×

Талғарда тұрғын үйден өрт шығып, 18 адам эвакуацияланды

ТЖМ құтқарушылары өрт кезінде 8 баланы сыртқа шығарды

Талғарда тұрғын үйден өрт шығып, 18 адам эвакуацияланды
Фото: gov.kz

Талғар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің бірінде төртінші қабаттан өрт шықты, деп хабарлайды Qaz365.kz.

ТЖМ қызметкерлері баспалдақ маршымен 18 адамды, оның ішінде 8 баланы эвакуациялады.

Өрт 8 шаршы метр алаңда жедел түрде сөндірілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →