×

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты

Отағасы мен оның кішкентай немересі ауруханаға жеткізілді

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты
Фото: depositphotos.com

Атырау облысында өрттен анасы мен баласы қаза тапты. Отағасы мен оның кішкентай немересі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Qaz365.kz.

БАҚ мәліметінше, қайғылы оқиға Құрманғазы ауданы Ақкөл ауылында болған. Тұрғын үйге жапсарлас салынған нысанда өрт шыққан. Өрт кезінде үйдің төбесі құлап, салдарынан әйел мен оның ұлы далаға шыға алмай қалған. Басқалары терезеден сыртқа шығып үлгерген.

"Өрт 5:52-де оқшауланып, 6:30-да толығымен жойылды. Өрттен 66 жастағы анасы мен оның 35 жастағы ұлы қаза тапты. Екі қолы күйіп қалған 58 жастағы отағасы мен түтіннен улану белгілері бар 5 жасар немересі аудандық ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады Атырау облысы ТЖД.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Хатпен бірге капитан Дмитрий Паладичуктің қолы қойылған түсініктеме, бейне және аудиожазбалар жіберілген.
Қанды қылмыс 2025 жылғы 27 наурызда Құлсары қаласында болған.

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →