×

Қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берілді

Азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асуға кеңес берілді

Қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берілді
Фото: t.me/ ZembassyinUKR

Қазақстанның Украинадағы елшілігі қазақстандықтарға маңызды ақпарат таратып, үндеу жасады, деп хабарлайды Qaz365.kz.

Елшілік Украинада жүрген Қазақстан азаматтарына елден кетуге кеңес берді.

"Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылы жиілеуіне байланысты қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерге жақын аумақтардан немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады", - деп жазылған елшілік хабарламасында.

Елшілік азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуге құлақ асуға, дереу баспаналарына баруға, қауіпсіздік шараларын сақтауға, ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырды.

"Қазақстан Республикасының азаматтары Украинадан Қазақстанға жету үшін жерүсті бағыттарын: Польша немесе Молдова арқылы, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын пайдалана алады. Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында шенген визасы болуы керек. Молдоваға кіру үшін виза қажет емес", - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, елшіліктің консулдық бөлімінің байланыс телефондары: +38(044) 4831596+38(044) 4891031. Қазақстан азаматтарына арналған сенім телефоны (төтенше жағдай кезінде): +380673470408.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Аватар автора

 Редактор

Бөлім жаңалықтары

Астанада 17 қараша күні жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болған еді
2023 жылдың басынан бастап осы салада барлығы 297 қылмыстық іс жүргізілді
Облыс әкімі не себепті білім басқармасы басшысын қызметінен босатпағанын түсіндірді

Соңғы жаңалықтар

Барлық жаңалық →